Ауғанстанда банктердің жабылуы мен бағаның шарықтауына қарсы шеру өтті

Your browser doesn’t support HTML5

28 тамыз күні Кабулда ауғандар көшеге шығып, тәліптер билікке келгелі банктердің жабық тұрғанына наразылық білдірді. Ауған валютасы құлдырап, баға шарықтаған тұста банктердің жабық тұрғаны адамдардың онсыз да қиын өмірін ушықтырды. Reuters агенттігінің қолына түскен мына видеода ондаған ауған New Kabul банкінің бас кеңсесі маңында шерулетіп барады.