МАГАТЭ: Солтүстік Корея сынақ реакторын қайта қосқан болуы мүмкін

Йонбендегі атом станциясы. Солтүстік Корея, 2008 жыл.

Солтүстік Корея ядролық қаруға қажет плутоний өндіру үшін Йонбендегі атомдық сынақ реакторын қайта іске қосқан болуы мүмкін. Бұл жөнінде Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) жылдық есебінде айтылған.

Пхеньян 2009 жылы халықаралық инспекторларды шығарып жібергелі бері МАГАТЭ-нің Солтүстік Кореядағы ядролық әрекеттерді тексеру мүмкіндігі жоқ. Қазір агенттік жағдайды тек спутниктен түсірілген суреттер арқылы ғана бақылап отыр.

"2018 жылғы желтоқсанның басынан 2021 жылғы шілденің басына дейін реактор жұмыс істегенінің ешқандай белгісі байқалмаған. Ал қазір реактордың жұмысымен байланысты салқындатқыш суды сыртқа шығару белгілері байқалады" делінген МАГАТЭ есебінде. Мұнда агенттік қуаты 5МВт болатын реактормен уран байыту зауыты туралы айтып отыр.

Реактор қайта іске қосылуы мүмкін дегенді МАГАТЭ маусым айында айта бастаған. Wall Street Journal сөйлескен сарапшылардың айтуынша, реактор өңделген отыннан қару жасауға қажет плутоний өндіруге қолданылуы мүмкін. МАГАТЭ-нің жаңа есебінде уран кеніштерінде, сондай-ақ Пхунсандағы байыту фабрикасында да жұмыс басталғанының белгілері бар деген болжам айтылады.

  • Ядролық бағдарламасына байланысты КХДР-ға ауқымды халықаралық санкциялар салынған. Вашингтон Солтүстік Корея толық денуклеаризациядан өтпейінше, шектеулерді алмаймыз деп отыр.
  • 2018 жылы Пхеньяндағы саммитте болған келіссөздің және КХДР басшысы Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуінен соң Солтүстік Корея Йонбендегі реакторды жоюға уәде берген.
  • Ядролық энергетика жөніндегі сарапшылардың айтуынша, реакторлар жұмысын қайта бастаудан оны өндірудің соңғы циклына дейін бірнеше жыл өтуі мүмкін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мәскеу Пхеньянға "халықаралық кепілдік" сұрадыКим мен Трамп кездесуі келісімсіз аяқталды