Ауғанстан ұлттық майданының жетекшісі Ахмад Масуд Facebook парақшасында қарсы тараптың қақтығысты реттеу бойынша келіссөз жүргізу туралы ұсынысын жылы қарсы алды. Осыған дейін "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) Панжшер провинциясының әкімшілік орталығы Базарак қаласына басып кіргенін хабарлаған.
"Тұрақты бейбітшілік орнату мақсатында Ауғанстан ұлттық майданы соғысты тоқтатуға даяр, ол үшін Талибан да Панжшер мен Андарабтағы шабуылдары мен әскери операцияларын доғаруы тиіс" деді Ахмад Масуд. Оның сөзін Reuters агенттігі келтіреді.
Ауған ақпарат құралдарының жазуынша, бұған дейін ислам дінбасыларының кеңесі "Талибанды" Панжшердегі қақтығысты келіссөз арқылы тоқтатуға шақырған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Тәліптер Панжшерді басып алғанын айтты, қарсы күш мұны жоққа шығарды"Талибан": Ауғанстанды қалпына келтіру жолындағы басты серігіміз Қытай боладыАуғанстан тәліптер қолына өткенде Орталық Азия Ресей бастаған әскери одаққа сене ала ма?