Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов Қырғызстанға оралды. Бұл туралы адвокаты Амантур Абдырахманов хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, саясаткер тергеу изоляторына оралған және қалған емді сол жақта қабылдайды. Абдырахмановтың айтуынша, Бабанов Қырғызстанға бірнеше күн бұрын келген.
Өмірбек Бабанов Қырғызстаннан тамыз айының басында Бішкек-Мәскеу рейсі бойынша ұшып кетен еді. Оның алдында яғни, 27 шілдеде сот оның бұлтартпау шарасын өзгертіп, шетелде емделуі үшін қамаудан босатқан. Адвокат Амантур Абдырахмановтың айтуынша, Қырғызстанда дәрігерлер Бабановқа нақты диагноз қоя алмаған.
Бұрынғы премьер-министр 31 мамырда "Құмтөр" ісі бойынша ұсталған.
"Құмтөр" кеніші бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты Қырғызстанда Бабановтан бөлек, бірнеше лауазымды қызметкер ұсталған. Олардың арасында бұрынғы және қазіргі депутаттар, шенеуніктер бар: Асылбек Жээнбеков, Торобай Зулпукаров, Исхак Пирматов және Талантбек Узакбаев, экс-президент Алмазбека Атамбаевтың Жогорку Кеңештегі өкілі Данияр Нарымбаев, Тайырбек Сарпашев және бұрынғы премьер-министр Темир Сариев.
Тергеу ісіне көмектесу жөнінде қолхат жазғаннан кейін Алмазбек Баатырбеков, Талантбек Узакбаев, Исхак Пирматов және Тайырбек Сарпашевтар тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Қырғызстанның экс-президенті Жээнбеков "Құмтөр" ісі бойынша тергелдіБилікті нығайту ма, жемқорлықпен күрес пе? Қырғызстанда бұрынғы басшылар неге ұсталып жатыр?Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов екі айға қамалды