8 қыркүйек - Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күні Ресейде қырықтан астам бұқаралық ақпарат құралы "шетел агенті" тізіміне кірген медиалар мен журналистерді қолдау акциясын бастады.
Оған "Дождь", The Bell, "Медиазона", Republic, "Новая газета", "Бумага", "Тайга.инфо", "Важные истории", Doxa, "7×7", "ОВД-Инфо", The Village, "Медуза", "Псковская губерния", "Черновик", Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) және басқалары қатысып жатыр.
Олар бас бетке "Шетел агенті емес, журналист" деп жазып қойды.
Басылымдар оқырмандарын әлеуметтік желілерде сондай жазба қалдыруға үндеді.
Ресейдің "шетел агенті" тізіміне 18 медиа, 25 журналист және төрт заңды тұлға енгізілген. Биыл сәуір айында ғана бұл тізім 30 пунктке толықты.
Мұның алдында Ресейдегі БАҚ-тардың бас редакторлары, соның ішінде "Дождь", "Новая газета", "Эхо Москвы", Znak.com және ТВ2 бас редакторылары президент Владимир Путинге, оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа және әділет министрі Константин Чуйченкоға ашық хат жолдап, "шетел агенті" тізімін жоюды талап еткен.
Ресейдің "шетел агенті" тізімінде Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының Ресейдегі жобалары да бар.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Ресей "Дождь" телеарнасын да "шетел агенттері" тізіміне қостыThe Insider басылымы "шетел агенті" деген белгі қоюдан бас тарттыАзат Еуропа/Азаттық радиосы журналистердің "шетел агенті" тізіміне енгізілуін айыптайдыАзаттық радиосы "шетел агенті" ретінде танылған БАҚ туралы бұйрықтың күшін жоюды талап еттіАзаттықтың істерін қараған Ресей соты 158 процессуалдық қате жіберген