20 жыл бұрын 2001 жылы 11 қыркүйекте таңертең 19 содыр төрт жолаушы ұшағын айдап әкетіп, тарихта ең ірі теракт жасады. Террорлық актілерден барлығы үш мыңға тарта адам қаза тапқан. Екі ұшақ бірінен соң бірі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасын соқты. Содырлар үшінші ұшақты Пентагон ғимаратына бағыттаған. Ал төртінші ұшақтағы жолаушылар терроршыларға қарсылық көрсетіп, ұшақ Пенсильвания штаты аумағына құлаған.
Осының барлығы 102 минут ішінде болған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ «9/11» шабуылынан бері терроризм қалай өзгерді?Терактіге жауап ретінде АҚШ пен оның одақтасы Ұлыбритания 2001 жылы 7 қазанда әскери операция бастады. Операцияның мақсаты тәліптер режимін құлату және террористік ұйымдарды күйрету болған. Батыс ең бірінші кезекте АҚШ-қа қыркүйекте шабуыл жасаған "Әл-Қаиданы" нысанаға алды.
20 жылдан соң 2021 жылы 31 тамызда Америка бастаған халықаралық коалиция Ауғанстан аумағынан әскерін шығаруды ресми түрде толық аяқтады. АҚШ қорғаныс министрлігі Ауғанстандағы соғыста барлығы 2325 америкалық солдат қаза болғанын мәлімдеді.
Сенбі, 11 қыркүйекте АҚШ президенті Джо Байден теракт орындарына барып, еске алу шараларына қатысады. Байден мен вице-президент Камала Харрис сонымен бірге төртінші ұшақ құлаған Пенсильваниядағы Шанксвилл алаңындағы мемориалға да барады.
Жыл сайын 11 қыркүйекте АҚШ пен әлемнің өзге елдерінде теракт құрбандарын еске алу шаралары өтеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
АҚШ-та 11 қыркүйектегі шабуыл құрбандарын еске алды11 қыркүйектегі теракті бойынша соттың қашан өтетіні белгілі болды Муссауи: 11 қыркүйек шабуылына Сауд Арабиясының қатысы бар 11 қыркүйек терактісінің айыпталушылары сөйлемей қойды