Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Азат Еуропа/Азаттық радиосының басшысы Джейми Флайды қабылдады.
14 қыркүйекте Бішкекте өткен кездесуге радионың Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Хамид Исмаилов және Қырғыз қызметінің директоры Венера Жуматаева қатысты.
Садыр Жапаров мемлекет басшылығы бұқаралық ақпарат құралдарымен әркез белсенді жұмыс істеуге дайын деген. Ол сөзінде ақпарат құралдары бір тарапқа артықшылық бермей, бейтарап, әлемде болып жатқан оқиғаны шынайы жеткізуі керек екенін атап өткен.
Джейми Флай Қырғызстанда бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде Азат Еуропа/Азаттық радиосының кәсіби жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалғанын айтқан.
13 қыркүйекте Джейми Флайды сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев қабылдап, Азаттық радиосы Қырғызстандағы сенімді ақпарат көзі болып қала береді деген.