Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы Ресейде жұмысын тоқтатты

Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Ресейде жұмысын тоқтатты. Ұйым ресми сайтында Ресей билігінің тәуелсіз журналистикаға қарсы кампаниясы үдеген шақта журналистерді қорғау үшін осындай қадамға барғанын жазған.

"Бұл бұдан әрі қарай елдегі жемқорлықты жазбаймыз дегенді білдірмейді. Үкімет өз азаматтарын бізбен әріптестік орнатқаны үшін жазалайтынын жақсы білеміз" деді ұйымның негізін қалаушылардың бірі, OCCRP бас редакторы Дрю Салливан.

Оның айтуынша, қазір Ресейдегі әріптестерінің басым бөлігі "шетел агенті" немесе "жұмысын доғаруы тиіс" ұйым ретінде танылған. Ол OCCRP-дың Ресейдегі қызметкерлеріне өзге елдерге көшуге кеңес берген. Бас тартқандарға қосымша ақы төлеп, жаңа жұмыс табуына көмектескен.

Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) – әлемде 50-ден астам тәуелсіз БАҚ-тың басын біріктірген және жылына жүзден астам зерттеу жариялайтын коммерциялық емес ұйым.

Ресейде қазір 25 журналист пен 18 БАҚ "шетел агенті" ретінде танылған. Кейінгі жарты жылда "шетел агенті" ретінде танылған БАҚ-тың қатарына "Важные истории", The Insider, VTimes.io, "Медуза", "Первое антикоррупционное СМИ", "Дождь" телеарнасы енген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресейде қырықтан астам БАҚ "Шетел агенті емес, журналист" акциясын бастадыТоқаев және басқалар. OCCRP телефоны тыңдалуы мүмкін деген адамдар тізімін жаңартты OCCRP: Қазақстан үкіметі телефонын аңдығандар арасында екі журналист пен үш белсенді барАзаттықтың Қырғыз қызметі, Kloop және OCCRP халықаралық сыйлықты иелендіOCCRP зерттеуі: Президент Рахмонның туыстарының дәулеті артты