Ираннан Қазақстанға 53 қандас көшіріліп әкелді

Ираннан көшіп келген қазақтардың Қазақстандағы туыстарымен қауышу сәті. Ақтау, 15 қыркүйек 2021 жыл.

Қазақстан Ираннан 53 қандасты көшіріп әкелді. Олар мінген ұшақ Ақтау қаласына 15 қыркүйекте таңертең қонды. Бұл туралы Маңғыстау облысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Иран ислам республикасының Горган қаласынан 53 адам Қазақстанға қоныс аударды. Олар Ақтау қаласында 2-3 күн аялдап, құжаттарын реттейді. Жатақханаға орналастырамыз. Құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталғаннан соң Нұр-Сұлтан қаласына аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанады" деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов.

Қазақстанға барлығы 20 отбасы келген. 53 адамның 25-і – бала.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жыл басынан бері 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. 1991 жылдан бері елге 1 млн. 82,8 мың этникалық қазақ оралған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ауғанстанда көмек күткен қазақтар. Азаттыққа туыстары жіберген тізімде 100-ге тарта адам барҚазақстан жәрдем сұраған 35 қазақты Ауғанстаннан атамекенге жеткізді«Тоқаев аға, елімізге алып кетсеңіз». Жүздеген ауған қазағы көмек күтіп отырЖыл басынан бері 12,5 мың адам қандас мәртебесін алғанҚытайдан көшіп келетін қазақ саны күрт азайған. Көштің тоқырауына не себеп?