Қырғызстанда экс-президент Сооронбай Жээнбековті "Құмтөр ісі" бойынша тергеп жатыр

Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) бұрынғы президент Сооронбай Жээнбековті тергеп жатыр. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, Жээнбеков "Құмтөр ісі" бойынша тергеуге шақырылған.

Экс-президент өкілінің айтуынша, ол ҰҚМК бас тергеу басқармасынан 12 тамызда тергеуге шақыру алған. Оған премьер-министр болып тұрған кездегі Құмтөр кенішіне байланысты сұрақтар қойылған. Жээнбеков алғаш рет ҰҚМК тергеуіне тамыз айында барған.

Экс-президенттің өкілі Жээнбековтің премьер-министр немесе президент болып тұрған тұста Құмтөр кенішіне байланысты ешқандай шешім немесе құжат қабылдамағанын айтты.

Бұған дейін "Құмтөр" кенішіндегі "жемқорлық" фактілеріне байланысты қазіргі және бұрынғы шенеуніктер ұсталған. Арасында бұрынғы премьер-министрлер Өмірбек Бабанов, Жомарт Оторбаев, депутаттар Асылбек Жээнбеков, Талантбек Узакбаев, Исхак Пирматов бар.

Сооронбай Жээнбеков 2016 жылдың сәуірі мен 2017 жылдың тамызына дейін премьер-министр қызметін атқарған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Билікті нығайту ма, жемқорлықпен күрес пе? Қырғызстанда бұрынғы басшылар неге ұсталып жатыр?Қырғызстан экс-президенті Асқар Ақаев Бішкекке оралды, оны ҰҚМК-да тергеп жатырАсқар Ақаев "Құмтөр" бойынша қырғыз халқынан кешірім сұрап, артынан Мәскеуге ұшып кеттіАсқар Ақаев Қырғызстанға "Құмтөрді" қайтаруға көмектесе ала ма?Қырғызстанда "Құмтөр ісі" бойынша тағы бір экс-премьер ұсталды