Қыркүйектің басында Қазақстан үкіметі мен ресейлік "Сбер" компаниялар тобы қол қойған меморандумның мәтіні жарияланды. Ондағы ақпаратқа қарағанда, Қазақстан ресейлік "Сбербанктің" IT-платформасын 500 млн долларға сатып алады. Қазақстанға бұл ақшаны "Сбердің" өзі мемлекет кепілдігімен қарызға береді.
"Әділет" порталында жарияланған құжат қазақстандық "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен ресейлік "Сбербанк" ЖАҚ арасында қарыз жөнінде келісім жасауды қарастырады. Құжатта 500 млн АҚШ долларына пара-пар қаражат ресейлік рубль күйінде Ресей жағына қажетті құжаттардың барлығы уақытында берілген жағдайда 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін беріледі деп көрсетілген.
E-gov-қа балама GovTech жүйесі "Сбердің" Platform V платформасына негізделіп жасалады.
Меморандум 31 қазанға дейін концорциум құруды да қарастырады.
Құжатта ERG компаниялар тобына еншілес BTS Digital ЖШС стратегиялық әріптес ретінде көрсетілген.
Меморандум Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің egov Ресейге берілмейді деген тұжырымына күмән келтіреді деп жазды ҚазТАГ агенттігі.
"Аталған меморандум аясында ҚР үкіметі: ... GovTech платформасын "электронды үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасының негізгі бөлігі ретінде бекітеді" делінген үкімет мақұлдаған құжатта.
Меморандум мәтінімен танысқан экономист Олжас Құдайбергенов Facebook'те жобаға күмән көп деп жазды.
"500 млн доллар қарыз, оның үстіне платформа жасауға, оның үстіне Сбердің өзінен алудың қажеті жоқ. Мұндай дүниелер жасалса, келіссөз жасай алатындай өз ақшамызға жасалуы керек. Әйтпесе несие алушының саудаласуға шамасы келмей қалады" деп жазды.
3 қыркүйекте Қазақстан үкіметі ресейлік Сбер компаниялар тобымен Қазақстанның цифрлық үкіметіне арналған платформа құру жөнінде меморандумға қол қойған.
Бұл меморандум Қазақстан қоғамында түрлі пікір туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары, арасында IT-қауымдастық өкілдері де бар, жоба елдің тәуелсіздігіне қауіп төндіретінін алға тартып, платформаны отандық немесе батыс компанияларына неліктен сеніп тапсырмады деген сұрақ қойды.
Бұған дейін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сбер платформасы Қазақстанға "ең қолайлы жүйе" және "ҰҚК талаптарына сәйкес келеді" деп мәлімдеген. Оның айтуынша, алдын ала есепке сәйкес, жобаға 500 млн доллар жұмсалуы мүмкін, бірақ оның бір бөлігі ғана ресейлік компанияға жұмсалады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Сарапшылар: E-gov бойынша рейтингісі жоғары Қазақстан неге өзінен кейін тұрған Ресей платформасына зәру?"Сбер дауы": Маминді сотқа берген белсендінің шағымы кері қайтарылдыМусин: 500 млн доллардың барлығы Сберге жұмсалмайдыҚазақстан "Сберге" мұқтаж ба?Мусин: Жүйені Сбер платформасына көшіру құны – 500 млн доллар, жоба "ҰҚК талаптарына" сәйкес