Өзбекстан Ауғанстанмен көлік байланысын қалпына келтіргісі келеді

Өзбекстан Ауғанстанмен көлік және теміржол байланысын қалпына келтіреді. Бұл туралы ТАСС агенттігі өзбек президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашевқа сілтеме жасап хабарлады.

"Әлбетте біз Ауғанстанмен көлік және теміржол байланысын қалпына келтіреміз. Қазір пандемия кезінде ауғанстандықтар азық-түлік пен дәрі-дәрмекке мұқтаж болып отыр. Қажетті заттарды көлік және пойыз арқылы жеткізе аламыз", - деді Иргашев.

Ол сонымен бірге кезінде Ауғанстанмен шекара коронавирус індетіне байланысты ғана жабылғанын айтты.

"Қазір шектеулер қашанға дейін созылатыны белгісіз. Ол Ауғанстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға ғана емес, билік органдарының қалпына келуіне де байланысты. Министрлік және басқа да органдар құрылу керек. Қазіргі үкіметті тәліптердің өздері уақытша деп айтып жатыр", - деді Иргашев.

Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы көлік байланысы 2020 жылдың наурыз айында пандемияға байланысты уақытша тоқтаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мазасыз көрші. Орталық Азия елдері тәліптер билігін мойындай ма? Ауғанстандағы жағдай аймаққа қалай әсер етеді?"Талибанға" Тәжікстан ғана ашық қарсы шықты. Рахмонға бұл не үшін қажет?Қазақстан жәрдем сұраған 35 қазақты Ауғанстаннан атамекенге жеткіздіТәліптер Ауғанстан солтүстігін қорғауды Душанбе тыйым салған тәжік тобына тапсырды"Ислам мемлекеті" ұйымының Хорасан тобы туралы не белгілі?