Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 26 қыркүйек күні 1878 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен. Одан бір күн бұрын 32 адамға "ковидтектес пневмония" диагнозы қойылған. Сол күні коронавирустың тағы 35 адамның қайтыс болғаны мәлім болған. Бірақ алдыңғы күндермен және айлармен салыстырғанда коронавирус көрсеткіштерінің төмендегені байқалады. Күнделік науқас саны маусымның соңынан бері 2 мыңнан төмен түспеген.
Маусымның соңында Қазақстанда коронавирустың "дельта" варианты тіркеліп, содан бері күнделік анықталатын науқас саны мен өлім көрсеткіші күрт артты. Тамыздың алғашқы жартысында шарықтау шегіне жетіп, күніне шамамен 8 мың науқас, 150 өлім тіркеліп жүрді. Бірақ кейінгі айда індеттің беті қайтып, аурудың тарауы тежеле бастады.
26 қыркүйектің дерегінше, бұрынғыша Алматы қаласы аймақтар көшін бастап тұр. Онда коронавируспен бір күнде 485 науқас тіркелген. Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан (186 науқас), Қарағанды (184 науқас), Павлодар (164 науқас) және Алматы (162) облыстары тұр.
Елде індет басталғалы барлығы 878 990 мың адамның анализінен коронавирус инфекциясы анықталған. Оның ішінде 11 065 адам қайтыс болған. Былтыр 1 тамыздан бері саналып келе жатқан "ковидтектес пневмониямен" осыған дейін 75 305 адам тіркелген. Оның 4,8 мыңы қайтыс болған.