28 қыркүйекте кешке ақылы жолға наразылық білдірген жүргізушілердің жетекшісі Әбдірахым Бейсенді Шымкент соты 10 және 5 күнге қамау туралы қаулы шығарды. Бейсен әлеуметтік желі арқылы Шымкент қаласы әкімдігінің алдында 30 қыркүйек күні наразылық білдіруге шақырды және "билік өкіліне қарсылық білдірді" деп айыпталған. Бұл туралы сот кабинеті қосымшасында Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынының қаулысы ілінді.
Қаулыға қарағанда, 44 жастағы Әбдірахым Бейсенге "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" (Әкімшілік кодекстің 488-бабы 7-бөлігі) және "билік өкіліне қарсылық білдіру" (667-бап) баптары бойынша айып тағылған. Ол сотта "өз кінәсін мойындаған".
Белсендінің босатуын талап еткен оннан аса белсенді 28 қыркүйек түнде қаладағы әкімшілік жазаға тартылғандар жазасын өтейтін орталыққа барды. Белсенді Нұрлыбай Татаевтың айтуынша, 30 қыркүйекте наразылар ақылы жолға, дизель отынының қымбаттауына, мәжбүрлі вакцинаға қарсылық білдірмек болған.
Бұдан бұрын да Әбдірахым Бейсенді полиция ұстаған. Белсенді бұл жолы қамауда 15 күн болады.
Мамырдың соңында Қазақстанның бірнеше аймағында жолдардың ақылы болуына байланысты алыс жолға жүк көліктерін айдайтын жүргізушілер наразылыққа шыққан еді. Олар жол сапасының нашарлығын, жанармайдың қымбаттағанын, тасымал бағасының төмендігін алға тартқан.
2 маусымда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "ақылы жол әлемдік тәжірибеде бар нәрсе, кім жолды пайдаланса, сол жағдайына да жауапты" деп мәлімдеген. Министрлік 2025 жылға дейін - 11 мың шақырым автомобиль жолы, оның ішінде биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болатынын айтқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Алматы полициясы ақылы жолға наразы жүргізушілер белсендісін ұстап, кейін босаттыЖүргізушілер наразылығынан соң "ҚазАвтожол" биыл 18 емес бес жолдың ақылы болатынын айттыТүркістан облысында жолдың ақылы болуына қарсы шыққан адамға айыппұл салынды"Мәселе шешілмейінше жолға шықпаймыз". Жүк көлігі жүргізушілері ақылы жолға наразыАқылы жолға наразылық жайлы депутаттар не дейді?