Өзбекстан 12 жастан бастап балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат берді

Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға COVID-қа қарсы Pfizer вакцинасын өз еркімен салдыруға рұқсат берілді. Бұл туралы Өзбекстанның бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылды.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 қыркүйекте хабарлауынша, Pfizer вакцинасын клиникалық сынақтан өткізу кезінде вакцинаның 12-15 жастағы балаларға қауіпсіз және тиімділігі жоғары екені анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын салуға кеңес берген.

13 қыркүйекте Өзбекстанға Pfizer / BioNTech вакцинасының 1 200 000 дозасы жетізілді.

Елде коронавирусқа қарсы вакцина салу науқаны 1 сәуірде басталған. Халыққа ресейлік Спутник V және қытайлық ZF-UZ-VAC 2001, сонымен бірге AstraZeneca, Moderna және Pfizer / BioNTech вакциналары салынып жатыр.

Өзбекстанда осы күнге дейін барлығы 19 969 345 доза егілген. 4 283 645 адам вакцинаның толық екі дозасын салдырған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Covid індеті ушыққан тұста Куба балаларға вакцина сала бастадыБалалардың Covid жұқтыруы неге жиіледі? Балалар инфекционисімен сұхбатМіндетті вакциналауға кім және не үшін қарсы?Жыл басынан бері 34 мың балаға вирус жұққан, 2 бала қайтыс болған. Министрлік балаларға вакцина салу жөнінде айтты