Жексенбі күні таңертең Алжир билігі француз ұшақтарына Алжир үстімен ұшуға тыйым салды. Осыған байланысты Франция билігі Париждегі Алжир елшісін шақырып алды.
Франция әскерінің полковнигі Паскаль Яннидің "Фигаро" газетіне айтқан сөзіне қарағанда "Алжир әуе кеңістігінің жабылғаны әскери операцияға әсер етпейді. Малидің солтүстігіндегі әскери барлау жұмыстары дрон арқылы жүріп жатыр".
Кейінгі күндері Алжир мен Франция қатынасы Франция президенті Эммануель Макрон айтты деген сөзге байланысты ушыға бастаған.
Le Monde газетінің жазуына қарағанда, Франция жетекшісі "Алжирді әскери-саяси жүйе басқарып отыр, Алжир өз тарихын толығымен қайта жазып, Францияны жеккөрінішті етіп көрсетуге тырысты" деген.
Алжир мұны "жауапсыздықпен айтылған сөз" деп бағалап, Париждегі елшісін қайтарып алған. "Алжир ешкімді ішкі ісіне араластырмайды" деді Алжир президент Әбделмәжит Тебунның баспасөз қызметі