Covid: Бір күнде 1,6 мың науқас анықталды, 39 адам қайтыс болды

Коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталық.

Кеше, 4 қазанда Қазақстанда 1624 адамның ПТР тесті оң шықты. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 93 адамға көп.

Өткен тәулікте Алматыда – 328, Нұр-Сұлтанда 287 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда 200-ден аз науқас тіркелген.

2020 жылдың наурыз айынан бері 894 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. Басым бөлігі жазылған. 11 350-і қайтыс болған. 3 қазанда 27 адам қайтыс болған.

Қазақстанда пневмонияға коронавирусқа ұқсас түріне шалдыққандар 2020 жылдың тамыз айынан бері есепке алына бастады. Содан бері 76 мың науқас тіркелген. 63 мыңы жазылған. 4868-і қайтыс болған. 3 қазанда 12 адам көз жұмған. 17 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды.

Қазір республика бойынша 58 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 10 мыңы стационарда жатыр. 732 адамның жағдайы ауыр. 223 науқастың хәлі мүшкіл. 135 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

6,7 млн адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасы салынған. 1 млн адам екінші дозасын күтіп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Израильде Covid екпесінің үшінші дозасын салдыруға деген қысым күшейдіҚазақстанда Covid көрсеткіштері маусымдағы деңгейге дейін төмендедіБатыс Қазақстан облысында 27 мектеп карантинге жабылдыРесейлік институт "Спутник V" екпесін жасөспірімдерге егуге рұқсат сұрады