Ресей әскері тәжік-ауған шекарасына жаттығуға келді

Ресейдің Тәжікстанда орналасқан 201- әскери базасының жауынгерлері Ауғанстанмен шектесетін аймаққа әскери жаттығуға қатысу үшін барды. Жаттығуға 2700 сарбаз бен офицер қатысып, әскери техника тартылғаны хабарланды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) кіретін мемлекеттердің кезекті әскери жаттығуы осы тәжік-ауған шекарасында өтеді.

Ресейлік 201-базаның әскері Душанбе және Бохтартағы казармадан шығып, Ауғанстанмен шектесетін "Харб-Майдон" және "Момирак" әскери полигондарына барған.

ҰҚШҰ-ның әскери күштері 10 қазаннан 23 қазанға дейін осы аймақта үш бірдей әскери жаттығу өткізеді.

Осының алдында "Харб-Майдон" полигонында Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери күштерінің бірлескен жаттығуы өткен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ауғанстан тәліптер қолына өткенде Орталық Азия Ресей бастаған әскери одаққа сене ала ма?Ауғанстанда билік ауысқан тұста ҰҚШҰ Орталық Азияда жаттығу өткізбекАуғанстандағы жағдай АҚШ, Қытай, Ресейдің Орталық Азиядағы рөлін өзгерте ме?"Талибанның" Ауғанстанда билікке келуі Ресейге қалай әсер етеді?Қытай мен Ресей Орталық Азия іргесінде әскери жаттығу бастады. Бұл нені білдіреді?