Оңтүстік Кореяға нәпақа табу үшін барған өзбек мигранттарын Корея билігі "еңбек келісім-шарттарын бұзғаны үшін" еліне қайтарды. Ақпаратты таратқан Өзбекстан еңбек көші-қон агенттігі Кореядан қанша өзбек мигрантының депортацияланғанын нақтыламады.
Агенттіктің мәліметінше, депортацияланған азаматтар Кореяның түрлі провинциясында еңбек еткен. Ол жаққа маусымдық жұмыстар істеу үшін (Е-8) бес айға барған.
Кореяға кетпес бұрын оларға еңбек келісім-шартын бұзудың құқықтық салдары жөнінде ескерту айтылған.
"Еңбек келісімін бұзған және жұмыс орнын заңсыз тастап кеткен азаматтарды Корея Республикасының көші-қон қызметі ұстаған" делінген агенттік хабарламасында.
Оңтүстік Корея Орталық Азияның еңбек мигранттары көп баратын елдер қатарына кіреді. Оңтүстік Кореяның көші-қон қызметінің дерегінше, 2017 жылы елде 62 мыңнан астам өзбек азаматы болған. Бұл елде Орталық Азия елдерінен барған еңбек мигранттары қатарында қазақстандықтар да бар.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"3 млн теңге керек". Кореяда көз жұмған қазақстандық мигрантты елге жеткізе алмай отырКореядағы қазақ мигранты: "Ең зиянды жұмысқа шетелдікті алады"Оңтүстік Кореядағы өзбек мигранттары Өзбекстанға 34,4 миллион доллар ақша жібергенВячеслав Ким: "Қазақстандықтардың көбі Оңтүстік Кореяда қалғысы келеді"«Корея халқының еңбекқорлығына таң қалдым»