Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммад Захир Әкбар Панжшер аумағында 400-ден астам адамның сүйегі көмілген бірнеше жер анықталғанын мәлімдеді.
"Кеше жерлестерімнің бірі тәліптер сотсыз және тергеусіз 400-ден астам адамды атып тастағанын хабарлады. Мен туып-өскен ауылда содырлар 13 ер азаматты өлтіріп, шұңқырға көміп тастаған. Олардың ешқайсында қару болған емес. Бәрі диқандар еді", - дейді дипломат.
Ол журналистерге бірнеше суретті көрсетіп, бұл Ауғанстанды басып алған "Талибан" қозғалысының әскери қылмыстарын дәлелдейді деді.
Тәжік депутаты Саиджапар Осмонзода барлық материалдарды БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға жіберуді ұсынды.
8 қазанда "Талибан" қозғалысының Панжшер аймағындағы ресми өкілі Мавлави Ого Мир адамдар жаппай көмілген жер табылғанын, онда Ауғанстанның ұлттық қарсылық майданының үш жауынгерінің денесі болғанын мәлімдеген.
Қыркүйек айының басында "Талибан" қозғалысы Ауғанстанның ұлттық қарсылық майданы қорғап жатқан Панжшер қаласын өз бақылауына алғанын мәлімдеген.
Ауғанстанда бейбіт тұрғындар сотсыз өлім жазасына тартылып жатқанын халықаралық ұйымдар да хабарлап жатыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Талибан": ДАИШ-пен өзіміз күресеміз, АҚШ-тың көмегі қажет емесТәліптер ұйғыр жасағын Қытай шекарасынан шеттетті. Мұның астарында не жатыр?"Талибанның" шариғаты несімен ерекше?20 жыл террорға қарсы соғысқан АҚШ неліктен "Әл-Қайданы" құрта алмады?Нұр-Сұлтан мен Бішкектің "Талибанмен" қарым-қатынасы