Халықаралық валюта қоры Қырғызстанның 12,6 млн доллар қарызын кешіреді

Қырғызстанның Халықаралық валюта қорына қарызы 12,6 млн долларға азаяды. Бұл туралы экономика және қаржы министрлігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі табысы аз 24 елдің қарызын кешіру жөнінде шешім қабылдады. Ол елдердің арасында Қырғызстан да бар.

"Қарыздың кешірілуі қаражатты денсаулық сақтау саласы мен экономикаға бұруға мүмкіндік береді", - делінген министрлік мәліметінде.

Мұның алдында Қырғызстанның Қытай экспорт және импорт банкіне қарызын өтеу мерзімін созу туралы келіссөз жүріп жатқаны хабарланған. 51,1 млн долларды алты жылға 2 пайыздық өсіммен бөліп төлеу ұсынылған.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы биыл 416 млрд сомнан (4 млрд 921 млн доллар) асқан, соның 85 пайызы - сыртқы қарыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қытай қырғыз экономикасын қолдауға $54 млн грант бөледі, 150 мың вакцина дозасын жеткізедіҚытай кредитінің құпиясы, Байбек пен Мамай текетіресі, Жаңаөзендегі ереуіл және жер митингіҚарыз кіріптарлығы. Қытайдың несие беру шартының құпиясы"Бір белдеу – бір жол" қайда апарады немесе Бішкек Пекинге қарызын қалай өтемек?