"Саяси тұтқын" Кенжебек Әбішев қамаудан шықты

Белсенділер "саяси тұтқын" Кенжебек Әбішевті үйінде қарсы алып тұр. Үмбетәлі Кәрібаев ауылы, 13 қазан 2021 жыл.

13 қазанда "саяси тұтқын" Кенжебек Әбішев түрмеден шықты. Сәрсенбі күні таңертең ерте Заречныйдағы түрме қызметкерлері оны Алматы облысы Жамбыл ауданындағы үйіне жеткізіп тастаған.

– Келетін кісілерден, ақпарат құралдарынан сескенген сияқты. Оның үстіне оларға жоғарыдан бас прокуратурадан комиссия келіп жатыр, - деді түрме әкімшілігінің әрекетіне баға берген Кенжебек Әбішев Азаттық тілшісіне.

Your browser doesn’t support HTML5

"Ақиқат айтылмайтын елде бостандық болмайды"

Бұған дейін жергілікті белсенділер Заречный кентіндегі ЛА-155/14 түзету мекемесінің алдынан оны күтіп алуды жоспарлаған. Бірақ белсенділер барғанға дейін оны үйіне алып кеткен.

27 қыркүйекте Қапшағай қалалық соты "терроризмді насихаттады" деген айыппен сотталған Кенжебек Әбішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған. Ол "жазасының" қалған бөлігі яғни, 2 жыл 4 ай 20 күнді бостандығы шектелген күйі өтейді.

Алматы облыстық соты 2018 жылғы 21 желтоқсанда Кенжебек Әбішевті "терроризмді насихаттады" деген айыппен жеті жылға соттаған еді. 2019 жылы апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. 2020 жылғы 13 наурызда Қапшағай қалалық соты жаза мерзімін азайтқан.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Кенжебек Әбішевті саяси тұтқын деп таныған. Қазақстан билігі елде саяси тұтқындар жоқ деп есептейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тәуелсіз дәрігерлер "саяси тұтқын" Кенжебек Әбішевтің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтады Түрмеде аштық жариялаған Әбішев ауруханаға түстіДәрігерлер "саяси тұтқын" Кенжебек Әбішевтен жүрек ишемиясын анықтады