Он күн бұрын бұғатталған HOLA News ақпараттық сайты қайта жұмыс істей бастады.
"Он күн өткен соң HOLA News сайты қайта жұмыс істей бастады. HOLA News-тің бұғатталуын ешкім мойнына алмады. Баршаңызға қолдау көрсеткеніңіз үшін рақмет",- делінген редакцияның Instagram парақшасында.
Редакция мәліметінше, сайт "Қазақтелеком", Kcell, Beeline және Tele2 секілді ірі провайдерлерден ашылмаған.
"Біздің шетелдік оқырмандарымыз да сайтты оқи алмады, себебі Қазақстан заңына сәйкес сайттың сервері елде", - деген еді редакция.
Сайт әкімшілігі бұғатталудың себебін анықтауға тырысқан. Бірақ әзірге нақты жауап ала алмаған.
Редакция елдегі заңға бағына отырып, оқырманға, қоғамға маңызды ақпараттар таратып келе жатқанын, қанша хакерлік шабуыл болса да жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдейді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Балаева: HOLA News порталын Цифрлық даму министрлігі жапқан жоқ