Amnesty індет кезінде пікір еркіндігіне шабуыл үдегенін айтты

Халықаралық Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымының айтуынша, Қытай, Ресей және өзге елдер коронавирус індеті кезінде "репрессияшыл заңдар" қабылдап, пікір айту құқығын шектеген, сыншыларды қудалаған.

Штаб-кеңсесі Лондонда шоғырланған ұйым 19 қазанда жариялаған мәлімдемесінде үкіметтердің пікір айту еркіндігіне шабуылы "жалған ақпараттар легімен" бірге азаматтардың анық әрі маңызды ақпаратқа қол жеткізуіне "күйрете соққы берді" деп жазған.

"Індет кезінде үкіметтер азаматтардың құқықтарын таптап, пікір айту еркіндігіне "теңдессіз" шабуыл жасады. Коммуникация арналары бітелді, әлеуметтік желі цензураға ұшырады, медиа порталдар жабылды" деді ұйым өкілі Раджат Хосла.

Amnesty International ұйымының айтуынша, пікір айту еркіндігі - өте маңызды себебі нақты, дәлелді әрі маңызды ақпараттың еркін таратылуы енсаулыққа төндіретін қауіп-қатер жөнінде мағлұмат беріп, оның алдын алуға және күресуге ықпал етеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Солтүстік Кореяға айналдырмақшы ма?" Әлеуметтік желіні шектеу жайлы бастама және оған қарсылықҚазақстан билігі интернетті қалай шектейді және оған Ресейдің қатысы қандай?Украина "ақпарат кеңістігін" қорғау үшін жеке адамдар мен заңды тұлғаларға санкция салды"Кері кету". Foreign Policy Centre Қазақстандағы адам құқықтары ахуалына баға бердіМинуты 200 мың теңге. БАҚ-тағы мемлекеттік тапсырыс пен "сөз бостандығын өлтіру құны"