Өзбекстандағы президент сайлауына сайлаушылардың 80 пайыздан астамы келіп, дауыс берген. Бұл ақпаратты Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы таратты. Сарапшылар Өзбекстан президенттігінен негізгі үміткер қазіргі президент Шавкат Мизияев деп санайды. Оған халыққа танымалдығы шамалы төрт адам қарсылас болған.
Өзбекстан билігі оппозиялық үш партияның тіркелуіне, президент сайлауына кандидатын ұсынуына рұқсат бермеген.
Өзбекстан 1991 жылы тәуелсіздік алғалы алтыншы рет президент сайлауын өткізіп отыр.
Мирзияв президенттік алғашқы мерзімі аяқталуға жақындағанда Өзбекстанды 27 жыл үздіксіз басқарып, 2016 жылы қайтыс болған Ислам Каримовтың авторитарлық әдеттеріне оралып жатыр деген пікірлерді жоққа шығаруға тырысқан.
Орталық сайлау комиссиясының жексенбі, кешкі сағат 20-дағы мәліметіне қарағанда президент сайлауына 16 миллионнан астам адам дауыс берген. Сайлаушылар тізімінде барлығы 20 миллионға жуық адам бар. Дауыс берудің бастапқы қорытындысы бүгін кешке қарай хабарлануы мүмкін.