Қазақстанда қыркүйек айында коронавирус жұқтырғаны расталған 292 адамның өлімі осы індеттен қайтыс болғандардың статистикасына кірмей қалған. Мұны денсаулық сақтау министрлігінің Азаттыққа жолдаған хатынан көруге болады.
Министрлік ол адамдардың өзге аурудан қайтыс болғанын айтады. Мекеменің Азаттыққа жолдаған хатында "коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болған" 292 адамның арасында 176 адам – қанайналым ауруларынан, 36 адам – тыныс ауруларынан, 31 эндокриндік аурулардан көз жұмғаны айтылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктемесінде коронавирус жұққаны расталса, оқыс жағдайдан (травма) өзгесінің бәрі Covid өліміне жатқызылуы тиіс делінген.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл есептің барын былтыр маусымда бір-ақ айтқан. Оған дейін Азаттық тілшілері коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге арналған зиратта ресми деректегіден көп адам жерленгенін әшкерелеген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Вирус құрбандары ресми деректе – 10 адам. Ал коронавирус зиратында 32 марқұм жерленгенМинистрлік бұл есепті өз еркімен жүйелі түрде жарияламайды. Тек журналистер сауал жолдағанда ғана хабарлайды.
Қыркүйек айын қоса алғанда, елде коронавирус жұқтырғаны расталғандар арасында барлығы 3415 адамның өлімі статистикаға қосылмаған.
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда індет басталғалы 932 688 адамның ПТР тесті оң шыққан, 12 мыңы осы аурудан қайтыс болды деп көрсетілген. Билік бұл статистикаға "коронавирустың жанама әсерінен" қайтыс болғандар кіргізбейді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Алматы облысында коронавирус зиратына жерленгендер көбейді. Ал ресми мәлімет өзгермедіӘкімдік: Алматы іргесінде жерленген 22 адамның өліміне COVID-19 "жанама әсер етті"Алматы маңындағы "коронавирус зиратына" жерленгендер 64 адамға жетті