АҚШ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі Қытайдың гипердыбыстық қаруын сынақтан өткізгенін растады. Генерал Марк Миллидің айтуынша, бұл АҚШ әскері үшін "1957 жылы Совет одағы әлемде алғаш рет жасанды спутникті орбитаға шығарып, "қырғи-қабақ соғыс" жағдайында оқ бойы алға озып шыққандай" әсер қалдырған кезеңді еске түсірген.
"Гипердыбыстық қару жүйесін сынақтан өткізу елеулі оқиға. Бұл өте алаңдатарлық жағдай" деді генерал Марк Милли сәрсенбі күні Bloomberg телеарнасына.
Қытайдың жазда гипердыбыстық қаруды сынақтан өткізгенін алғаш рет 16 қазанда британдық Financial Times басылымы жазған. Бірақ Пентагон осы уақытқа дейін ақпаратты растамаған. АҚШ президенті Джо Байден мен өзге де ресми тұлғалар Қытайдың гипердыбыстық қаруды дамытып жатқанына алаңдаушылық білдірген.
Financial Times жазуынша, зымыран Жер орбитасын төмен қашықтықта айналып өтіп, дыбыс жылдамдығынан(6200 км/сағ) бес есе көп жылдамдықпен ұшқан. Бұл оны анықтау мен ұстау міндетін қиындата түседі.
Қытай сыртқы істер министрі зымыран сынағы жөнінде ақпаратты терістегенмен "ол зымыран емес, ғарыш аппараты" деп мәлімдеді.