Минск Nexta, Nexta Live және Luxta телеграм-арналарын "экстремистік құрылымдар" тізіміне енгізді

Беларусь ішкі істер министрлігі оппозициялық Nexta, Nexta-Live және Luxta телеграм-арналарын "экстремистік құрылымдар" тізіміне енгізді.

"ІІМ Nexta, Nexta-Live және Luxta телеграм-арналары арқылы экстремистік әрекетпен айналысатын азаматтар тобын экстремистік топ деп танып, қызметіне тыйым салу туралы шешім қабылдады" деді ведомство өкілдері.

Осыған дейін аталған арналар "экстремистік мазмұндағы ақпарат тарататын" интернет-ресурс деп танылған. Енді олар "экстремистік құрылымдарға" айналды.

13 қазанда Беларусь ІІМ "экстремистік" телеграм-арналар мен чаттарға жазылғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартатынын да мәлімдеді.

Кейін ведомство жетекшісі "экстремистік құрылым" деп танылған телеграм-арна оқырмандары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін, ал "экстремистік мазмұндағы материал" таратты деп танылған арналарға жазылушылардың жазаланбайтынын айтты.

Nexta, Nexta-Live және Luxta телеграм арналарының шамамен 1,5 млн оқырманы бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Лукашенко енді Telegram-арналарымен бірге олардың оқырмандарын да қудалап отырМинскіде оппозициялық телеграм-арнаға жазылғандарды түрмеге отырғызадыҮрей мен үміт: Беларусь сайлаудан кейін қалай өзгерді?