Грузиядағы "Біртұтас ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясының жетекшісі Ника Мелия бұрынғы президент Михаил Саакашвили отырған Руставидегі түрме маңында 2 қарашада мерзімсіз наразылық акциясын бастайтынын хабарлады. Оппозиция саясаткерді босатуды талап етіп отыр.
"Грузия наразылықты бастайды!" - деп жазды Мелия Facebook’тегі парағында. Оның хабарлауынша, акция жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат бесте басталады. Акция бұрынғы президент түрмеден босап шыққанға дейін созылады, дейді партия жетекшісі.
Михаил Саакашвили сайлаудың бірінші туры қарсаңында Грузияға оралып, одан соң ол түрмеге түскен соң, Грузияда саяси дағдарыс тереңдей түсті. Саясаткер түрмеде аштық жариялаған. Саакашвили бастамасымен құрылған "Біртұтас ұлттық қозғалыс" сайлаудың 30 қазанда өткен екінші турында дауыстар билік басындағы "Грузин арманы" партиясының пайдасына бұрмаланды деп мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, "Грузин арманы" жергілікті сайлаулардың екінші турында 20 муниципалитеттің 19-да жеңіске жетті.
Саакашвили болса сайлауда "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" жеңді, бірақ Грузияда билікті меншіктеп алған "бандалар тобы" жеңісті бізден тартып алды" деп мәлімдеді. Саясаткер азаматтарды наразылыққа шығуға, "Грузин арманын" "билікті қайтаруға" үндеді.
Саакашвилидің аштық жариялағанына 33 күн болды. Әлеуметтік желіде саясаткер қатты жүдегенін, шамамен 20 келі салмақ тастағанын жазған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Грузия Орталық сайлау комиссиясы Саакашвили партиясының жеңіле бастағанын хабарлады Михаил Саакашвили Грузияға сүт өнімдерін таситын кемемен келгенГрузияда мыңдаған адам Саакашвилиді қолдап көшеге шықтыСаакашвилидің денсаулығы нашарлаған. Грузия түрме қызметі мұны растамай отырГрузияда жергілікті сайлау нәтижесін күтіп отыр. Тұрақсыздық орнай ма деген үрей бар