Қытай мен Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Солтүстік Кореяға салған санкциясын жұмсартуға көндіруге күш салып жатыр. Резолюция жобасында олар Солтүстік Кореяның экономикалық қиындықтарға тап болып отырғанын алға тартып, "халықтың жағдайын жақсарту мақсатында" санкциялар алынуы тиіс деп атап өткен.
Резолюция жобасын құрастырғандар теңіз өнімдері мен мата экспорты және мұнай өнімдерінің импортына салынған санкцияның күшін жоюға шақырған. Сонымен бірге Солтүстік Корея азаматтарының шетелде жұмыс істеуіне тыйым салынбауын да атап өткен.
Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер арасында таратылған резолюция жобасының жай-жапсарын AP және Reuters агенттіктері жариялады. Қытай мен Ресей 2019 жылы да осыған ұқсас резолюция таратқан. Батыс елдері оған қарсылық білдіріп, құжат ресми түрде дауысқа да салынбады.
Азат Еуропа/Азаттық тілшілері сөйлескен аты-жөндерін атамаған дипломаттар "соңғы резолюция да солай қарсылыққа тап болуы ықтимал, себебі Солтүстік Корея БҰҰ санкциясының шарттарын әлі де бұзып отыр" деп айтқан. АҚШ-тың БҰҰ-дағы миссиясы Байден әкімшілігі "санкция режимін бұдан былай да қолдай береді" және БҰҰ мүшелері Пхеньянның заңсыз әрекетіне көбірек назар аударуы тиіс деп мәлімдеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның зымыран сынағына қатысты шұғыл жиналыс өткізедіАҚШ Орталық барлау басқармасы Қытай қаупіне қарсы бөлім құрадыСолтүстік Корея Жапон теңізіне қарай зымыран ұшырдыМАГАТЭ: Солтүстік Корея сынақ реакторын қайта қосқан болуы мүмкінКим Чен Ын Солтүстік Кореяда азық-түлік жетпей жатқанын мойындады