Джо Байден және Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденнің 2013 вице-президент болып тұрған тұста Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесуі.

Вашингтон уақытымен – 15 қараша кешке, Пекин уақытымен 16 қараша таңертең АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай басшысы Си Цзиньпин онлайн кездесті. Ақ үй өкілдері бұған дейін кездесудің бірнеше сағатқа созылуы мүмкін екенін хабарлаған.

АҚШ пен Қытай арасында жағдай күрделенген шақта кездесу барысында екі елдің қарым-қатынасын жақсартуға септесетін қандай да бір ірі құжат қабылдануы неғайбыл, дейді сарапшылар. Журналистерге видеосаммиттің басын ғана түсіруге рұқсат берілген.

Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен адам құқығы ахуалы, экономика және Үнді-Тынық мұхитын еркін әрі ашық ету мәселелерін талқылауды "асыға күткенін" айтқан.

"Арамыздағы бәсекелестіктің қасақана немесе қасақана емес болсын, қақтығысқа айналып кетпеуіне Қытай мен АҚШ басшылары ретінде жауаптымыз" деді Байден.

Ал Си Цзиньпин Байденге көптеген мәселелерді шешу үшін екі тарап қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастықты дамытуға күш салуы тиіс деп мәлімдеген.

Екі ел басшысы бұған дейін соңғы рет қыркүйек айының басында телефон арқылы сөйлескен. Ол кезде де Джо Байден АҚШ екі ел арасында қақтығысқа ұласып кетпейтіндей дені дұрыс, жауапты бәсеке болғанын қалайтынын айқын жеткізген.

Вашингтон мен Пекин арасындағы жағдайдың бірнеше жылдан бері ушығуы өзге мәселелермен қатар сауда, киберқауіпсіздік, адам құқығы, оның ішінде Шыңжаңда түркі тілді халықтың қудалануы мәселелерімен байланысты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тайвань сыртқы істер министрі Қытаймен жақын қатынастағы елдерді сақ болуға шақырды43 ел Қытайды Шыңжаңға бақылаушыларды кіргізуге шақырдыАҚШ мемхатшысы 6 елдегі геноцид пен жауыздықты атап өтті. Құжатта Шыңжаң мәселесі де барКомпартияның жүз жылдық тойында Пекин өзгеге ықпалы артқанын айтып мақтанды"Қытайдың Шыңжаң мұсылмандарын қуғындауына ислам әлемі белсене ат салысып отыр"