Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шекара қызметі қырғыз-тәжік шекарасындағы Дахма аймағында оқ атылғанын хабарлады.
Бұл хабарға қарағанда, 1 желтоқсанда кешкі сағат 21-ден өте мемлекеттік шекараның шартты учаскесінде Тәжікстан жақтан белгісіз адамдар аңшы мылтығымен 7-8 рет оқ атқан.
Қырғызстан және Тәжікстанның шекара бекеттерінің қызметкерлері оқ атқандарды шұғыл іздестіруге келіскен.
Бұл мәселе бойынша Баткен және Соғды облыстарының өкілдері телефонмен сөйлескен.
Қырғызстан түнгі сағат 22:30-ге қарата жағдай тынышталғанын хабарлады. Тәжікстан әзірге ресми пікір білдірген жоқ.
Қырғызстан ақпаратына қарағанда, сол күні Баткен ауданының Көк-Таш ауылы тұрғынын көрші елдің азаматтары ұрып, ол ауруханаға түскен. Қырғызстандықтар бір тәжік азаматын ұстап, кейін босатқан.
Қырғыз-тәжік шекарасында жиі қақтығыстар болып тұрады. Биыл көктемдегі қарулы қақтығыс кезінде екі тараптан да ондаған адам оққа ұшып, жарақаттанған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Қырғызстан шекара қызметі: Тәжік әскері қырғыз шекарашысына күш көрсеттіҚырғыз президентінің тәжік жерін сөз етуі шиеленісті күшейтті. Ол не айтты?Қырғыз-тәжік шекарасында оқушылар төбелестіҚырғыз-тәжік шекарашылары атысты"Ұлтына бола қысым жасалған жоқ". Тәжікстан мен Қырғызстанда не болып жатыр?