Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Қарағанды облысындағы департаменті Күзембаев атындағы шахтадағы жұмысты тоқтатуды талап етті.
Күзембаев шахтасы - Қарағандыда миллиардер Митталға тиесілі сегіз шахтаның бірі. Мұның алдында "Абай" шахтасындағы апаттан кеншілер қаза тапқан.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Саран қаласында орналасқан шахтадағы жұмысты тоқтату жөніндегі шағымды бейсенбі күні Қарағандыдағы ауданаралық экономикалық сот қарай бастады. Арызданушы шахтада анықталған олқылықтар жұмысшылар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді деп есептейді.
— Жұмысты неге тоқтату керек деп сұраймыз? Шахта апатты жағдайда, өндіріс қауіпсіздігі талаптарына сай емес, - деді ТЖМ департаментінің өкілі.
Олқылықтар тексеру кезінде анықталған, шахта басшылығына уақыт берілгеніне қарамастан, оларды осы күнге дейін ешкім жөндемеген. Күзембаев шахтасындағы жұмысты тоқтату жөніндегі құжат қазанның соңында тапсырылған, ал 7 қарашада оның қасындағы "Абай" шахтасында апат болып, алты кенші қаза тапты. Мұнда да апатқа дейін олқылықтар бары анықталған.
Компания соттан толық тексеруге уақыт беруін, соттың келесі отырысын бірнеше күннен кейін өткізуін сұрады. Сот отырысты 14 желтоқсанға белгіледі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Абай" шахтасындағы апаттан кейін кеншілермен келіссөз немен бітті?Комиссия "Абай" шахтасындағы апатқа "АрселорМиттал Теміртау" кінәлі деп таптыМинистр "АрселорМиттал Теміртаудың" қауіпсіздік ережелерін үнемі бұзатынын айттыТөтенше жағдайлар министрі: Алты адам қаза болған "Абай" шахтасы биыл тексерілгенКеншілердің үш жыл бұрын ереуілде қойған талабы әлі орындалған жоқ