Қазақстанда бір күнде 457 адамнан коронавирус анықталды

Көрнекі сурет.

Өткен тәулікте Қазақстанда 457 адамның ПТР тест нәтижесі оларға коронавирус жұққанын анықтаған, бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 адамға көп. 2 қаңтарда ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы осындай дерек таратты.

Комиссия мәліметінше, ірі қалалар мен облыстар бойынша тіркелген науқас саны төмендегідей:

  • Алматы - 87
  • Нұр-Сұлтан - 84
  • Шымкент - 35
  • Ақмола облысы - 40
  • Ақтөбе облаысы - 5
  • Алматы облысы - 19
  • Атырау облысы - 10
  • Шығыс Қазақстан облысы - 14
  • Жамбыл облысы - 6
  • Батыс Қазақстан облыс - 3
  • Қарағанды облысы - 49
  • Қостанай облысы - 24
  • Қызылорда облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 31
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 37
  • Түркістан облысы - 8.

2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда 999 мыңға жуық адамға коронавирус жұққан.