"Досым жазықсыз қаза болды...". Алматыда оққа ұшқан аспаз жігіт

Your browser doesn’t support HTML5

31 жастағы Бекболат Асқатбек биыл үйленуі керек еді. Бірақ 7 қаңтарда ауылынан Алматыға келіп, қаладағы аласапыран кезінде оққа ұшып көз жұмды. Ол қалыңдығын әке-шешесімен таныстырып, Алматыға қайта жеткізуге келген. Алматы әкімдігі маңынан көлікпен кетіп бара жатқанда Бекболатқа оқ тиген. 12 қаңтарда марқұм ауылына жерленді.