Назарбаеваның инстаграмы, Тоқаевтың твиті, "Елбасының" үнсіздігі

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда қаңтардың алғашқы күндеріндегі наразылық, дүрбелеңнен соң қаза тапқан бейбіт тұрғындардың дерегін билік жарияламай отыр. Алматының қақ ортасында оққа ұшқандардың өлімін туыстары кімнен көрерін білмейді. Ұсталып, қамалғандар азаптау туралы жиі шағымдана бастаған сәтте президент Қасым-Жомарт Тоқаев «жазаны жеңілдету» жөнінде твит жазды. Ал бұрынғы президент үнсіз, қызының парағын инстаграмдағы ел таба алмай қалды.