"Тергеуге басына оқ тигенді әкеп жатыр". Изоляторға кіріп шыққан адвокат Шынқуат Байжановпен сұхбат

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда шеру мен тәртіпсіздіктерден кейін қамалғандар азапталып жатқанына шағымданып жатыр. Күдікті ретінде ұсталып, тергеуде қайтыс болғандар да аз емес. Алматыдағы тергеу изоляторына кіріп шыққан адвокат Шынқуат Байжанов қамаудағылардың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.