23 қаңтарда Алматыдағы құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, краншы жігіт мерт болды деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға сағат 10:40 шамасында Әуезов ауданы Науаи көшесіндегі "NAVOI 3.0" тұрғын үй кешенінде болған. Құрылыс салып жатқан "Мирас констракшн" мердігер компаниясы жалға алған кран құлаған. Қатты жарақат алған 49 жастағы краншы жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болған.
Алматы полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық кодекстің "Құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.