Петропавл соты Асқар Қайырбектің мерзімінен бұрын босату туралы  өтінішін орындамады 

Асқар Қайырбек "55 завод Қытайға қайтарылсын!" деген жазуы бар плакат ұстап, Бəйтерек монументі алдында бір адамдық пикетте тұр. Нұр-Сұлтан, 18 тамыз 2019 жыл.

26 қаңтарда Петропавл соты былтыр маусымда «тыйым салынған экстремистік ұйымның ісін ұйымдастырды, қатысты» деп 2 жыл 2 айға абақтыға қамалған азаматтық белсенді Асқар Қайырбектің мерзімінен бұрын босату туралы арызын қанағаттандырмады.

Сот офлайн өтіп, оған Асқар Қайырбектің өзі онлайн режимде колониядан қатысты. Асқар Қайырбек жазасын Петропавлдағы ЕС-164\3 мекемесінде өтеп жатыр.

– Қылмыс экстремистік деп саналады. Асқар Қайырбектің өтінішін қанағаттандыру үшін ол террорист немесе экстремистік ұйымдарды ашуға, оның басшыларын әшкерелеуге белсене қатысса, мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Өтінішке қоса тіркелген материалдарда ондай мәліметтер көрсетілмеген. Сот прокурордың оны мерзімінен бұрын босату туралы арызын қанағттандырмауды сұраған прокурордың өтінішін ескере отырып, оны түзу жолға түсті деп санауға негіз жоқ деп санайды, - деді судья Алмас Жұмағазин.

Судья қаулыға 15 күн ішінде шағым түсіруге, апелляцияға арыздана алатынын айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Саяси өзгерісті қалау – қылмыс емес". HRW Нұр-Сұлтанды белсенділерді қудалағаны үшін сынады

Бұған дейін дәл осы баппен 2 жыл 6 айға қамалған тағы бір азаматтық белсенді Ербол Есхожиннің жазасын жеңілдету туралы арызы сотта қаралып, ол 6 қаңтарда бостандыққа шыққан. Оның жазасының қалған бөлігі сот шешімімен бас бостандығы шектеуге ауыстырылған.

44 жастағы Асқар Қайырбек бұған дейін де азаматтық белсенділігі үшін бірнеше мәрте 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін түрмеге жабылған.

Асқар Қайырбекті 2021 жылғы 21 маусымда Нұр-Сұлтан соты Қылмыстық кодекстің 405-бабының 1 ("экстремистік ұйым қызметін ұйымдастыру") және 2 тармағы ("экстремистік ұйым ісіне араласу") бойынша айыпты деп танып, бір жарым жылға абақтыға қамаған болатын. Бұған қоса, бес жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салған.

Қазақстан билігі ҚДТ қозғалысын "экстремистік" деп танып, қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент бұл ұйымды "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы HRW Қазақстанға 405-бап бойынша сотталған белсенділердің шешімдерін де қайта қарауды ұсынған. Бұл ұйымның мәлімдемесінде Асқар Қайырбек те аталған. Құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігінен оларды дереу босатуға шақырған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Құрғақ уәде емес, нақты іс керек". Еуропарламентте Қазақстанды тағы да сынадыБір топ азаматтық белсенді "Көше партиясына" шыққан шешімді қайта қарауды сұрадыНұр-Сұлтан соты белсенді Асқар Қайырбектің түрмедегі мерзімін 2 жыл 2 айға ұзартты "Саяси тұтқын" Асқар Қайырбек түрмеде аштық жариялады