Қырғызстанда оппозиция жетекшісі Өмірбек Текебаев Германиядағы елші болып тағайындалды

Өмірбек Текебаев.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров оппозиция жетекшісі, "Ата Мекен" партиясының төрағасы Өмірбек Текебаевты Қырғызстанның Германиядағы елшісі қызметіне тағайындады. Осылай деп Азаттықтың Қырғыз қызметінің дереккөзі хабарлады.

Текебаевқа Германиядан агреман (елші баратын ел билігінің келісімі) 2021 жылдың тамыз айында келгені белгілі болды. Саясаткер осыған дейін елшілікке баратыны-бармайтыны туралы пікір білдірген емес.

Өмірбек Текебаевтың елшілікке үміткерлігі парламенттің салалық комитетінің қарауына енгізілмеді. Осыған дейін президенттің баспасөз қызметі Конституцияға сәйкес, президент елшілерді парламенттің қарауынсыз өзі тағайындай алатынын айтқан.

Қырғызстанның Германиядағы елшісі болып осыған дейін Ерлан Әбділдаев қызмет істеген. Ол бұл қызметке 2020 жылдың шілде айында тағайындалған. 3 ақпанда Жапаровтың оны қызметтен босатқаны белгілі болды.

Өмірбек Текебаев 2021 жылы 28 қарашада өткен парламент сайлауына "Ата Мекен" партиясын бастап барған. Бірақ 5 пайыздық межеден өте алмай қалды.

Белгілі оппозициялық саясаткер Текебаев – парламенттің алты шақырылымының депутаты, Жогорку кеңештің бұрынғы төрағасы, 2010 жылы Сәуір революциясынан кейін Уақытша үкімет төрайымының орынбасары болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қырғызстан президенті: Текебаевты бұзақылар ұрғанҚырғызстанда сайлау нәтижесін мойындамаған саясаткерді ұрып кетті. Полиция бейжай қарап отырБішкекте Текебаевты "ұрып кеткен" күдіктілердің бірі ұсталдыҚырғызстандағы сайлаудың алдын ала қорытындысы: Билікшіл партиялар алда келедіҚырғызстан 2020 жылғы революциядан қандай сабақ алды?