25 ақпанда таң атпастан Украина астанасы Киевте бірнеше жарылыс болды. Бұл жөнінде УНИАН агенттігі хабарлады. Украина ішкі істер министрлігі де ақпаратты растаған.
"Киевті қанатты немесе баллистикалық зымыранмен атқылап жатыр" деп хабарлады ішкі істер министрлігінің кеңесшісі Антон Геращенко.
Агенттік бұған қоса, Киевтің Троещина ауданында шамамен алты жарылыс болғанын хабарлады.
Украина ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, әуе соққысына қарсы жүйе қалаға бағытталған дрондардың бірін атып түсірген, ол Киевтің оңтүстік-шығысындағы аумаққа құлаған.
Ресейлік дрон құлағаннан кейін Киевте 9 қабатты тұрғын үй өртенген.
Бұған дейін Украина билігі Ресей әскері Киевті 25 ақпан таң атпай атқылайды деп болжаған. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович 25 ақпан "ең қорқынышты күн" деп мәлімдеген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?