Көптеген елдер Реесй ұшақтары әуе кеңістігіне жібермеуіне байланысты АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі Америка азаматтарын Ресейден тез арада кетіп қалуға шақырды.
"Әуе компаниялары бірінен кейін бірі ұшуды доғарып жатыр… АҚШ азаматтары әзірге ұшып жатқан коммерциялық рейстермен болса да Ресейден кетіп қалуды ойластырғаны дұрыс",- дейді АҚШ дипмиссиясының сайты.
Ресейдің Украинаға шабуылын Батыс Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл деп санап, Мәскеуге қатаң санкциялар салған.
27 ақпанда Еуропа одағына мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін Еуропа одағы дүйсенбіден бастап Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жабу жөнінде уағдаласқаны мәлім болды. Оған дейін Еуропаның кей елдері өз бетінше осындай шара қолға алған болатын. Мәскеу бұл әрекетке дәл солай жауап беріп, бұл елдердің ұшақтарына Ресей әуе кеңістігін жабатынын мәлімдеді.
Еуропа елдерінің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты 28 ақпаннан бастап "Аэрофлот" Еуропаға ұшатын барлық рейстерін тоқтататынын хабарлады. Ресейдің Еуропада жүрген азаматтарын Росавиация, Ростуризм мен Ресей сыртқы істер министрлігі ұйымдастыратыны хабарланды.