Киевке қарай Ресейдің әскери техникалары жылжып барады. Maxar колоннаның ұзындығы 65 км дейді

Киевке беттеп бара жатқан ресейлік техникалар. 28 ақпан 2022 жыл.

Беларусь шекарасы жақтан ресейлік әскери техникалардың ұзын колоннасы Киевке қарай кетіп барады. Maxar компаниясы спутниктен түсірген суреттерді жариялап, колонна 65 шақырымға жететінін мәлімдеді.

Вашингтон Ресей Украина астанасына екінші екпінмен тағы да шабуыл жасамақ деді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Колонна ішінде бронетехникалар, танкілер, артиллерия, әскерилер мінген және бензин бактары тиелген жүк көліктері бар.

Америкалық сенатор Крис Мёрфи Конгресс мүшелерінің жабық брифингінен кейін твиттерде "осы аптада ресейлік әскерилер Киевті қоршауға тырысады" деп жазды.

"Қала үшін шайқас ұзақ әрі қанды болады, украиналықтар соғысқа тез дайындалып жатыр" деді ол.

1 наурызға қараған түні ресейлік әскерилер Украинаның оңтүстігіндегі Херсон қаласына шабуылдап, қоршады. Бірақ қала украиналық әскерилер мен әкімшіліктің бақылауында екені хабарланды.