"Кедейлік пен теңсіздік артады". Украинадағы соғыстың Орталық Азияға әсері

Your browser doesn’t support HTML5

Ресей Украинаға басып кірген күні-ақ Қазақстан экономикасына әсер етті. Теңге құнсызданып, орталық банк жағдайды тұрақтандыру үшін нарыққа араласа бастады. Украинадағы соғысының салқыны Орталық Азия елдерінің бәріне тиіп жатыр. Ресейге барып, отбасын асырап жүрген еңбек мигранттары не болар екен деп алаңдап отыр.