Ресейдің Украинадағы басқыншылығының жеті күнінде миллион украин азаматы көрші елдерге босып кетті, деп мәлімдеді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди. Ол бұл жөнінде Twitter'де жазып, Украина аумағындағы әскерилер ұрысты тоқтатып, өте маңызды гуманитарлық көмектің келуіне мүмкіндік жасауы тиіс деді.
Екі жақтан нақты қанша адамның қаза болғаны әзірге белгісіз.
Бір күн бұрын Ресей қорғаныс министрлігі соғыс басталғалы алғаш рет адам шығыны туралы мәлімет таратқан. Министрліктің мәліметінше, соғыста 498 адам қаза тапты, 1597 адам жараланды.
Ал Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей соғыста шамамен алты мың адамынан айрылған.
БҰҰ сарапшыларының болжамынша, қазіргі соғыстың салдарынан Украинада 12 миллион адамға дейін босып кетуі мүмкін.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?