Ақтөбе әкімдігі зейнет жасын төмендетуді талап еткен әйелдерге гүл сыйлады

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтөбеде бір топ әйел ұкіметтен әйелдердің зейнет жасын төмендетуді талап етіп шара өткізді. Бастапқыда шараны видеоға түсіріп, "рұқсатсыз жиын өткізгендерге әкімшілік шара қолданылады" деп ескерткен қалалық әкімдік өкілі артынан әйелдерге бір тал гүлден таратып берді.