Украинадағы соғыстың әсері Өзбекстанға да тиіп, елде азық-түлік қымбаттады.
Ташкент тұрғыны Әбдіразақ Садықов соңғы бір аптаның ішінде қалада қант 50 пайызға қымбаттағанын айтады.
"Кеше базарда қанттың бір келісі 15 мың сумнан (шамамен 1,31 доллар немесе 645 теңге) сатылып жатқанын көрдім. Он күн бұрын 9 мың сум болып тұрған. Әдетте қант жазда тосап жасап кезде қымбаттап, кейін қайта арзандайтын. Бұдан бөлек өсімдік майы мен ұн да қымбаттап жатыр" деді ол.
Сырдариялық кәсіпкер Ұлмас Қахаровтың сөзінше, "ел арасында баға одан да қымбаттайды" деген сөздерден кейін халық жаппай азық-түлік сатып алып жатыр.
Ресей агрессиясына байланысты Украина бірқатар азық-түлік түрлерін экспорттауға шектеу қойып, бидай, жүгері, тауық еті, жұмыртқа және өсімдік майы экспортына тыйым салған.
14 наурызда Ресей үкіметі де ЕАЭО-ға мүше елдерге бірқатар азық-түлікті экспорттауға тыйым салды. Бұл шектеулер Өзбекстан экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Себебі Өзбекстан негізгі азық-түлікті Қазақстаннан сатып алады. Қазақстан ЕАЭО-ға мүше болғандықтан, Ресейде бұл өлкеге азық-түлік экспортталмай қалады.
Gazeta.uz сайтының мәліметінше, 2021 жылы Өзбекстан Қазақстаннан 643,3 миллион долларға дән азықтарын, 92,9 миллион долларға ұн импорттаған.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 23 наурызда экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жиналыс өткізіп, министрлер кабинетіне ішкі базардағы бағаны тұрақтандыруды тапсырған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?