"Мәйіттер көшеде шашылып жатыр". Бучадағы қырғынның видеосы
Your browser doesn’t support HTML5
Киев облысындағы Буча қаласында ондаған бейбіт тұрғындардың қырылғаны – Украинадағы соғыстың ең ауыр сәттерінің бірі. 2 сәуір кешкісін Reuters, AFP, AP ақпарат агенттіктері мен Украина билігі Бучаның көшесінде жайрап жатқан жай киімдегі адамдардың суреттерін жариялады. Қаза болған кейбір тұрғындардың қолы байлаулы жатқаны байқалады. Киев "Ресей оккуппанттары қаладан құр кетпей бейбіт тұрғындарды қырып кетті" деп мәлімдеді.