НАТО Украина мен Грузияны қолдауын күшейтеді

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

НАТО елдері Украинаға қолдау көрсетуге келісіп, совет заманының ғана емес, соңғы үлгідегі қару-жарақтарды жеткізе бастады. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг әскери одақ елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Ресейдің Украинаға әскери қимыл жүргізіп жатқанын ескерткен Столтенберг Киевтің батыс елдерінен қарудың нақты қай түрлерін алғанын атап жатпады.

НАТО елдері Грузия, Босния мен Герцеговинаға да көмектесуге келісті.

Атап айтқанда, Грузия қауіпсіздік байланысы және киберқауіпсіздік салаларында көмек алады. Босния мен Герцеговина елдің қорғанысын нығайтатын көмек пакетіне ие болады.

Жетілік тобындағы елдер Кремльге қысымды күшейте түсетінін мәлімдеді. Олар Ресейдің мемлекеттік құрылымдарына қарсы қосымша санкция жариялауды көздеп отыр.

  • Ресейдің қарулы күштері 24 ақпанда президент Владимир Путиннің бұйрығымен Украина аумағына басып кірді. Киев Мәскеуді азаматтық инфрақұрылымдарды әдейі жойып жатыр айыптады. Ресей жағы әскери нысандарды ғана атқыладық деп отыр.
  • Соғыс уақытында келіссөздер де жүріп жатыр, бірақ әзірге одан нәтиже шықпады. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина 29 наурызда Стамбулдағы жүздесуде айтылған талаптарын қатайта түсті деп мәлімдеді. Келіссөздерде украин жағы Украинаның бейтарап мәртебесі туралы халықаралық келісім жобасын ұсынып, оның қауіпсіздігіне халықаралық кепіл сұраған. Атап айтқанда, мұндай кепілдік аннексияланған Қырымға, Донбастың бір бөлігіне жүрмейтіні айтылған. Енді Киев мұндай ережеден бас тартып отыр, дейді Лавров. Украина жағы әзірге Лавровтың мәлімдемесіне жауап бермеді. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба бұл уақытта Брюссельге барып, НАТО елдеріне мүше елдердің сыртқы істер министрлерімен, Жетілік тобы елдерінің өкілдерімен кездесті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Кремльдің бұрынғы кеңесшісі Глеб Павловский: Путин тығырыққа тірелді"Өзгенікіне тиіспейміз, бізге тиесіліні қайтарып аламыз". Ресейдегі балабақша мен мектептегі үгіт-насихатЗеленский Буча қырғынына Ресейді айыптап, геноцид жасағанын айтты Ресей Украинадағы соғыста ядролық қару қолдана ма? Сарапшылар пікіріНАТО: Орыс армиясы Украинаға қайта шабуыл жасауға дайындалып жатыр