Өзін өртеген әйел ауыр халде ауруханада жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

Қаржы пирамидасына алдандым деген алматылық тұрғын Нұр-Сұлтанда өзін өртемек болды. 32 жастағы Бағила Досмайылова бұл әрекетке амалсыз барғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Денесін күйік шалған әйел астанадағы ауруханалардың бірінде жатыр. Дәрігерлер "хәлі ауыр" дейді.